ҚАЗАҚ ШЕРКЕШ ҰЛЫСЫ ЖАЙЛЫ БІР-ЖАР СӨЗ

         Әр адам өзінің арғы тегінің шығуы туралы ойланады. Ол жөнінде жасырақ кезімізде мән бермесек те үлкейе келе ойландырады екен.

         Жасырақ кезімізде атам Бірмән шежіре жөнінде, тегіміз жөнінде көбірек айтатын еді, біз оған дұрыс мән бермейтін едік. Бірақта кейбір тауып айтылған сөз адамның тағдырына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

         Өзім Москвадағы Тимирязев атындағы академияны бітіргеннен кейін, жолдамамен Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы совхозында бас зоотехник болып жұмыс істеп жүргенмін. Бір жылға жетпей  әкем Шайдолла қайтыс болғаннан кейін, он баланың үлкені болғандықтан, анама көмектесу мақсатында оқитын екі інімді бір қарындасымды қолымызға алып оқыта бастадым.

         Бірақта анам Хабира, елге, Ордаға қайтуымды қайта-қайта айта берді. 

Subscribe to ШЕРКЕШ RSS