ҚАЗАҚ ШЕРКЕШ ҰЛЫСЫ ЖАЙЛЫ БІР-ЖАР СӨЗ

   Әр адам өзінің арғы тегінің шығуы туралы ойланады. Ол жөнінде жасырақ кезімізде мән бермесек те үлкейе келе ойландырады екен.

         Жасырақ кезімізде атам Бірмән шежіре жөнінде, тегіміз жөнінде көбірек айтатын еді, біз оған дұрыс мән бермейтін едік. Бірақта кейбір тауып айтылған сөз адамның тағдырына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

         Өзім Москвадағы Тимирязев атындағы академияны бітіргеннен кейін, жолдамамен Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы совхозында бас зоотехник болып жұмыс істеп жүргенмін. Бір жылға жетпей  әкем Шайдолла қайтыс болғаннан кейін, он баланың үлкені болғандықтан, анама көмектесу мақсатында оқитын екі інімді бір қарындасымды қолымызға алып оқыта бастадым.

         Бірақта анам Хабира, елге, Ордаға қайтуымды қайта-қайта айта берді. Бірде ол кісі, Нұрлыбек, сен Эльтонда тұратын тумаларың Жұмағалидің ұрпақтарын мына есейіп отырған үш ініңнің біреуі әйел етіп әкелсе кінәсін, жауапкершілігін сен көтересің деді.

         Ол сөз мені қатты ойландырды, себебі Жұмағали қажы Бірмәннің әкесі Бисенғалидің туған ағасы болатын.

         Қазақтар генетика пәнін оқымағанмен, жеті атаға жетпей үйленуге ұлықсат етпеген, білместіктен үйленген жағдайда, айырып жіберіп отырған, оның өзі үлкен қайғы-қасырет болатын.

         Себебі жақындарына үйлену, қан араласпауының салдарынан биологиялық жағынан бір жола азуға айналдыратыны сөзсіз.

         Бұл пікірге мысал ретінде атақты колумбиялық жазушы Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркестің шығармасы «Сто лет одиночества» басты кейіпкері Хосе Аркадио Буэндиа немере қарындасы Урсулаға үйленгеннің түбі бұл тұқымның жоқ болып кетуін баяндайды.

         Жоғарыда айтылғандай, анамның сөзінен жеңіліп, істеп отырған жұмысымды тастап, елге көшіп келіп, інілерім үйленгенге дейін елде болуға тура келді.

         Жалпы алғанда қазақта жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл – құлағы мен жағын жер деген мәтел бар.

         Бірмән атам көп оқуы болмағанмен Алпамыс, Ертарғын, Қобыланды тағы да басқа эпостардың көптеген үзінділерін жатқа айтатын адам еді. Сонымен қатар ата-тегіміз туралы шежірені де, біздің миымызға құйып тастаған болатын.

         «Шежіре» деген сөздің мағынасына тоқтайтын болсақ – ол кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан, атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректер.

          Шежіренің жазба ескерткіштерінің ішінде ең бастысы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» десем артық айтпаймын деп ойлаймын.

         Жалпы алғанда «қазақ» аталатын шежірелердің нұсқаулары көп және өзара қайшылықтары да аз емес. Қазақтар бергі аталары мен арғы (түпкі) аталарын біргелкі айырады да,  ортадағыларын шатастырады. Кейде аталардың бұрыңғы-соңғылары алмасып та кетеді.

          Менің қолымда Әбілғазының «Түрік шежіресі», Шәкәрімнің «Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», С.Мұқановтың «Халық мұрасы», М.Тынышпаевтың «Материалы к истории киргиз-казахского народа», Ж.Ақбаевтың «Қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыбы» тағы да басқа отызға тарта шежірелер бар. Осы шежірелердегі деректерімен танысқанда жоғарыда айтылған сөзім расталады.

          Ата тегі жөнінен жалпы қазақтың тұтас бір халық екені, бүгін де оның досына да жауына да белгілі ақиқат, оған ешкімнің таласы жоқ. Жалпы ұлт мүддесін өз арындай сақтайтын, мемлекетіміздің ұлттық бірлігін ойлайтын нағыз азамат рушылдыққа, жікшілдікке ешқашан бармайды. Қазақтың ұлт болып қалыптасуына, өз алдына мемлекет болуына кәзіргі қазақ халқының құрамына кіретін тайпа-руларының тілі мен тұрмысының жақындығы, ұқсастығы негізгі себеп болғаны сөзсіз.

         Жалпы адамзаттың тарауын адам атаға апарып тірейтін болса жер жүзіндегі халықтан бәрі бір атадан жаратылды деген діні ұғым дұрыс емес деп ойлаймын. Жер бетінде адамзаттың қалыптасуына бірнеше  табиғи ыңғайлы жерлер болғаны, кәзірде барлығы сөзсіз. Соның бірі Алтай тауы деп ойлаймын, бұл өлкенің шығыс жағынан Енисей, батыс-арқа жағынан Обь өзендері олардың салалары басталады. Кәзіргі уақытымыздан 50-70 мың жыл бұрын бұл өлкеде де төменгі сатыдан тұратын гоминидтерден (питекантроптар және неандерталецтер) табиғи іріткелудің арқасында кәзіргі адамдар пайда болды деген пікірге түгел қосыламын.

          Мен өзім Алтай тауында болмағанмен онда болған адамдардың айтуына қарағанда және табиғаты жөнінде жазылған метериалдармен танысқанда, адамның өмір сүруіне, қоректенуіне ыңғайлы өсімдіктердің, жәндіктердің, аңдардың, сала-сала  сайлардың ішіндегі үңгірлердің молшылығы жоғарыда айтылған пікірді толықтай түсетін сияқты.

          Алтай тауының өңірі түркі тілдес халықтардың жаратылған ортасы десек артық болмайды-ау деп ойлаймын. Ол жөнінде Ресей мемлекетінің оқымыстысы Э.Р.Мұлдашевтың «Біз кімнен жаратылдық» деген еңбегінде дәлел болады деп ойлаймын.

        Басын Алтай тауының шығыс жағынан алатын ең үлкен өзендердің бірі Енисей өзені, түркі транскрипциясына салып айтсақ ол Ене-сай аталатыны сөзсіз. Бұл көрсетеді, көне заманнан бері ол сай адамзатқа ене-ана болғандығын. Ол тектен тек қойылған атау еместігін көрсетеді.

        Негізге түркі тілдес халық Алтай өңірінде жаратылып, өрбіп өсуіне және тұрмыс жағдайына байланысты кең қанатын жайған.

        Сол түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ халқына келетін болсақ, «қазақ» және «жүз» деген ұғымдар жайына келетін болсақ ерте уақытта да, кәзірдің өзінде де анық ғылым жүзінде дәлелденген деректер жоқ десек артық болмайды деп ойлаймын.

        Себебі, қазақтар атты көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық VІ томында «қазақ» сөзінің шығу  төркіні туралы авторлардың қаламынан туған ой-пікір, болжамдардан тұратын жиырма төрт мақала жазылған. Бұл мақалалардың ішінде бірінші қазақ атауы қай кезден болды, қай ру өкілдері біздер қазақпыз деген атпен  өзін-өзі атады деген сұраққа жауап табу қиын.

       Қазақ халқының атақты жазушы С.Мұқанов шежіре және тарих жайында былай деп жазады: «Қазақ тарихы туралы қай кезде кімдер жазса да бір мәселеге талас жоқ сияқты. Ол қазақ халқының көне замандардағы көшпелі рулардың құралуы. Солардың арғылары: сақ, массағат, сармат, үйсін, қаңлы, бергілері: қыпшақ, найман, керей, тағы да басқаларын айтса да бәрі бір, өйткені қазақтың басын құраған сол рулар екені ақиқат. Бұл бір, екіншіден, сол рулардың кейбіреулері қазақпен, көршілес қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ, башқұрт сияқты халықтар құрамына кірген, қай рудың болса да басым қөпшілігі қазақ құрамында; үшіншіден, Орта Азияда көшпелі өмір сүрген рулардың мекендеген жерлерінің басым көпшілігі қазақ халқының еншісіне тиген; төртіншіден бұрынғы көшпелілердің салт-санасы, әдеп-ғұрпы мінез-құлқы сияқты өзгешеліктерінің көбі қазақта сақталған; бесіншіден, көне көшпелілердің тіл қоры да қазақта молырақ. Сондықтан көне көшпелілердің тұрмысын түсінуінде қазақ өмірі әлгідей материалды көбірек береді.

       «Қазақ» деп аталатын халықтың дәл қай кезден құрылғанын тап басып айтатын тарих әзірге жоқ. Қазақ халқының алғаш пайда болуы, қалыптасуы жайындағы, жоғарыда айтылған жорамалардың, пікірлердің біразы сенімді болып көрінгенімен әлі де болса дәлелдеуді қажет ететін талас мәселе екені мәлім. Халқымыздың тарихта мәлім болуы XVI ғасырдан басталды деушілердің, дәлелі көбірек және сенімдірек».

        Ұлы жазушы С.Мұқановтың осы айтылған пікірін жалпы қолдай келіп, бірақ та халқымыздың тарихта мәлім болуы XVI ғасырдан басталады деген пікірін қолдамаймын.

        Себебі, қазақ халқының құрамына кіретін шеркеш руының азаматтары өздерін ерте заманнан қазақпыз деп атаған. Көптеген авторлар, мысалы, С.Аманжолов «Қазақ халқының негізін құраған тайпалар мен тайпалық одақтардың тарихына байланысты» еңбегінде Алшындар тайпасының бір  бөлігі X ғасырда қыпшақ текті тайпалармен бірге қаңлылар құрамында жылжи отырып Египетке жеткен дейді. Бұл пікірмен келісе алмаймын. Себебі, көптеген тарихи деректерде II ғасырдың басында гүн бірлестігінің батыс бөлігі Еділ мен Донның арасына келіп жеткені тарихтан белгілі, бұл бірлестік 24 тайпа-рулардың құрылғаны. Гун империясы күйрегеннен кейін бұл бірлестік бірнеше бөлек-бөлек ел болып қозары, печенеги, касоги, тағыда басқа атауларға бөлінген.

        Белгілі орыс тарихшысы Н.М.Карамзин былай деп жазады. 964-966 жылдары орыз князі Святослав Хазар ханын жеңді, сонымен қатар ясалармен касогтарды да жеңді деп, әрі қарай былай деп жазады. «Касоги есть суть Черкесы, коих страна в X веке именовалась Касахиею: осетинцы и теперь называют их касахами» т.І Гл. XVII. Есть карта России IX века с окрестными странами, где четко указана страна касагов.

        Далее в V томе главе VII книги «История государства Российского» Н.М.Карамзин пишет. «Заметим, что летописи времен Василия Темного в 1444 году упоминают о Козаках Рязанских, особенном легком войске, славном в новейшие времена. Итак, Козаки были не в одной Украине, где имя их сделалось известно по истории около 1517 года; но вероятно, что оно в России древнее Батыева нашествиия и принадлежало Торкам и Берендеям, которые обитали на берегах Днепра, ниже Киева. Там находим и первое жилище Малороссийских Козаков. Торки и Берендеи назывались Черкасами: Козаки – также. Вспомним Касогов, обитавших по нашим летописям, между Каспийским и Черным морем; вспомним и страну Казахию, полагаемую императором Константином Багрянородным в сих же местах; прибавим, что оссетинцы и ныне именуют Черкесов Касахами: столько обстоятельств вместе заставляют думать, что Торки и Берендеи назывались и Козаками; что некоторые из них, не хотев покориться Моголам, ни Литве, жили как вольные люди на островах Днепра, огражденных скалами, непроходимым тростником и болотами; приманили к себе многих Россиян, бежавших от угнетения, смешались с ними и под именем Козаков составили один народ, который сделался совершенно Русским тем легче, что предки их начиная с десятого века обитав в области Киевский уже сами были почти Русскими. Более и более размножаясь числом, питая дух независимости и братства, Козаки образовали воинскую Христианскую Республику в южных странах Днепра, начали строить селения, крепости в сих опустощенных татарами местах; взялись быть защитниками Литовских владений со стороны Крымцев, Турков и снискали особенное покровительство Сигизмунда Первого, давшего им многие гражданские вольности вместе с землями выше днепровских порогов, где город Черкасы назван их именем».

         В своей книге «От Руси до России» Л.Н.Гумилев в  VI главе I части пишет: «Главным противником иудео-хазарской общины Тмутаракани было черкесское племя касогов. В 1022г. военные силы тмутараканского князя и вождя касогов Редеди (Ер-дада) встретились. О.Сүлейменовтың 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабының 151-бетінде Редедені Ер-дада деп жазады. Предводители дружин мудро решили избежать большого кровопролития и определить победителя в личном поединке. В котором Мстислав, ставший к тому времени могучим воином, одолел Редедю.

         Далее пишет: «Возникает вопрос: почему к евреям удалось подчинить себе Хазарию и ее Тюркскую династию ханов Ашина».

         Р.Ю.Почекаев в своей книге «Батый хан, который не был ханом» 126стр. приводит «Так, в нокай-ил, года собаки, соответствующий 635 году по мусульманскому календарю (1237-1238гг) осенью Мунке-каан и Кадан отправились на Черкесов и зимой убили там государя по имени Туқар».

         Ол жөнінде 1240 жылы ұлы хан Үкітай заманында жазылған «Сокровеное сказание» (Секретная история монголов) 262-параграфында былай деп жазылған: «А.Субеетай-Батура он отправил в поход на север, повелевая дойти до одиннадцати стран и народов как-то: Канлин, Кибчаут, Бачжигит, Оросут, Мачжарат, Асут, Сасут, Серкесут, Кешимир, Болар, Рарал (Лалат), перейти через многоводные реки Идил и Аях, а также дойти до самого города Кивамен-кермен. С таким повелением он отправил в поход Субеетай-Баатура».

        Он бір халықтың ішінде көрсетілген Серкес жұрты ертеден келе жатқандығын көрсетеді.

        Жоғарыда аталған С.Аманжолов «Қарамзин осетиндердің черкестерді қазақтар деп атайтындығын да көрсетіп өтеді. Бұл жерде сөз дағыстандық черкестер туралы болып отыр» дейді, бұл пікірмен келісу өте қиын.

        Себебі жоғарыда атап көрсеткен деректер кәзіргі Европа жеріне қазақтардың

        Ерте, яғни Гун қозғалысымен бірге келгендігін көрсетеді.

       Шеркештердің кәзіргі Қазақстан жерінде XII-XIII ғасырларға дейін болмағандығы болмаса, солтүстік Кавказдың жерін IX ғасырдан өзінде жалпы қазақ (касоги) елі атымен шеркеш және оған жақын басқада  алшын тайпасының рулары мекендеген. (Карта России IX века с окрестными странами находится в Репринтном воспроизведении издания пятого Н.М.Карамзина История государства Российс кого, стр.108-109 книга первая).

       Кәзіргі тау черкестері 1989 ж. Халық есебі бойынша өсе-өсе келгенде бар болғаны тек 51 мың адамға жетіп отыр, олар адыгей халқының бір бөлігі, түркі тектес халыққа жатпайтына сөзсіз. Сонымен қатар олардың черкес болып аталуы Гумилевтың деректері бойынша басшылары алшын тайпасынан шыққан шеркештер болғандықтан деп есептеу керек. Тарихта белгілі жағдай кей халық өздері бағынған хандардың, атақты қолбасшылардың есемдерімен аталып кеткен, мысалы, өзбек, ноғай, тағы басқалар.

       Белгілі татар халқының тарихи жазушысы Будаев Н. М. «Очерки политической истории народов Северного Кавказа в XVI – XX вв.» атты еңбегінің «Происхождение этнонима черкес»VIII бөлімінде былай деп тұжырымдайды: «Суммируя эти факты, совершенно очевидно, что в этногенезе кабардинцев приняло участие тюркское племя черкесов (западные казахи), которые впоследствии и стали феодалами кабардинцев».

       Осы тұжырымды 2007 жылы Москваның «Олма медиагрупп» баспасында шыққан «Большая энциклопедия народов» кітабының Адыги халқы жөнінде 24-25 беттерінде жазған: «В 19 в. в бассейне рр. Большой и Малый Зеленчуки начала формироваться третья территориальная группа адыгов; ее этническую основу составили мигрировавшие сюда кабардинцы и выходцы из западно-адыгской (адыгейской) группы бесленей. В советский период эта часть адыгов получила официальное наименование черкесы».

       Жер жүзінің халықтары жөнінде жазылған бұл үлкен энциклопедия кітабында черкес деген халық бар жөнінде ешқандай деректер жоқ.

       Бұл энциклопедияның 217-бетінде қазақ халқы жөнінде жазған кезде черкестер қазақ халқының құрамындағы тайпалардың бірі болып көрсетілген.  

       Қазақтың үлкен азаматы, ғалым, мемлекеттік қайраткер М.Құл-Мұхаммедтің үлкен еңбегінің арқасында 1996 жылы жарық көрген «Алаш ардагері» кітабында қазақ халқы тарихындағы ең жарқын және тағдыры қайғылы тұлғалардың бірі, қазақтың Санкт-Петербург университетін бітірген тұңғыш құқық магистрі  Жақып Акбаевтың «Қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыптағы 1927ж. баяндамасында» былай делінген. «Тарихшы Геродоттың (Х.Т.дейінгі 5 ғасыр) «Алазондары», Х.Т. кейінгі  бірінші ғасырдағы Плинийдің «Азоқтары» (азақтар), Святослав (966) пен Мстиславтың (1022) «Касогтары», Никон жылнамасындағы (1223) «Касахтар», Византия императоры Константин  VII Багрянородный мен парсы ақыны Фирдоусидің «Казахиясы» және Алшын-қазақтар мен 15- ғасырдағы қазақтар арасындағы генетикалық байланыс пен ұқсастықты анықтай келіп, қырғыз-қазақ тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбектің авторы – тарихшы Тынышбаев Тұқият іріктеп алынған тарихы материалдардың негізінде, Алазан, Алшын және қазақ дегеніміз бір, Алазан (Алшын) Х.Т. дейін кеш дегенде бірінші ғасырда Азов теңізінің жағасына, Донның арғы бетінде және Европалық Рессейдің онтүстігі мен онтүстік-шығысындағы далаға, ал содан соң Қара теңіз бен Азов теңізінің және Кавказ тауларының солтүстігіне таман қоныстанған болуға тиіс деген қорытындыға келеді.

        Жоғарыда айтылғанындай, тарихшы Тынышбаев «алазон» сөзін қазақтың Алшын руына балаған, оған шығатын байырғы рулар Черкеш пен Берішті көршілері «қазақтар» деп атаған.           Қазақ халқының құрамына кіретін түрік тайпаларынан Қаңлылар мен Алшындар ең жауынгер болып саналады, ал Алшын тармағынан черкестер ержүректіктің, жауынгерлік ерліктің, ізгіліктің, туралықтың, тазалықтың белгісі болып табылады.                                                                                                                                                                                                            

        Черкестердің нағыз ұлдары ретінде Қазақ тайпасының бұрын өздеріне тән болған сенімді де ашық мінезді, ерік-жігері темірдей берік әрі қайтпас қайсар, кіршіксіз таза, асқақ та әсершіл мінезді және шабытты болғанына күмән жоқ.

         Кіші ордада – жүзде Алшындар арасында Байұлылықтар бірінші орында болды, басқаларынан бұрын «қазақ» деген атпен атты әскер отрядтары мен әскер шығарған атақты черкестер солардың құрамына кіреді.

          «Руське сыймағандар» 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың бас кезінде көршілері – Алшындардан (Черкестерден) ержүрек, қайтпас қайсар, айбынды да еркін атты кавалерияның бейнесі болған «қазақ» деген сөзді қабылдап, «казак» деген атпен Донда, Еділде (Волга) және Жайықта (Яик) еркін әрі наразы казактардың ірі, еркін қауымдарын құрды.

           Карамзинның айтуаншы, Курск губерниясының Рыльск уезі Ахматовка селосының тұрғындары 13 ғасырда «қазақтар» деп аталған Черкестер болған (13бет); Карамзинның айтуынша, түріктер мен берендейлер «черкестер» деп аталған және «қазақтар» да солай; Косогтар да черкестер, Х ғасырда олардың елі «Қазақия» деп аталған: олар Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында мекендеген.

         Карамзинның айтуаншы, Курск губерниясының Рыльск уезі Ахматовка селосының тұрғындары 13 ғасырда «қазақтар» деп аталған Черкестер болған (13бет); Карамзинның айтуынша, түріктер мен берендейлер «черкестер» деп аталған және «қазақтар» да солай; Косогтар да черкестер, Х ғасырда олардың елі «Қазақия» деп аталған: олар Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында мекендеген.

         Карамзиннің айтуынша, оның заманында осетиндер черкестерді «қазақтар» деп атаған.

         Семенов-Тянь-Шаньскийдің айтуынша, Черкес руларының бірінен қылыш руы таратылады.

         Эверстің айтуынша, Черкасының негізін черкестер қалаған, ал Кавказ черкестері мен қазақтарда Қылыш деген ру бар: екеуі де «қазақтар» деп аталады.

        Египетте Берж-ұлы әулетінен кейін «черкес» руына туыс мамлюктер болған.

        Будагов (сөздігі) бойынша, Тобыл татарларының тілінде  Берж – мықты, қайыспайтын деген сөз, ал казақша «беріш» - дененің беріштеніп қатуы. Беріш және Черкеш атаулары Алтайда да, Оңтүстік-Орыс даласында да, тіпті Египетте де кездеседі.

          Келтірілеген дәйек сөздерден басқа да түрік тайпалары мен Алшын топтарынан бұрын-ақ черкестердің «казақтар» деп және керісінше атала бастағаны туындайда. Бұл арада қазақтардың черкестерден шыққаны жайында айтуға тура келмейтіні өзінен өзі түсінікті. Барлық түрік халықтары мен тайпаларынан черкестер батылдық, ержүректік, туралық, адалдық нышаны болып табылады; айбынды жауынгерлер – «қазақтар» деп аталатын салт атты шабандоздар олардың арасынан басқа тайпалардан гөрі ертерек шыққан.

          «Түріктер  мен берендейлер черкестер деп аталған және қазақтар да солай» деген сөйлемді, тарихшы Тынышпаевтың пікірінше: «берендейлер мен түріктер қазақтар деп аталған және черкестер де солай» деп  оқыған жөн, өйткені көшпелілердің рулық бөлінуін білмейтін орыс жылнамашысының өзіне айтылғанындай етіп неліктен түсіне де, жаза да алмағанын немесе өз ойын жай ғана дәл білдіре алмағанын аңғару қиын. Менің ойымша, жылнамасшысы ешқандай қате жібермеген және әбден дұрыс жазған, өйткені берендейлер мен түріктер қазақтар деп және керісінше аталған.

            Геродот заманында (Х.Т.дейінгі 5 ғасыр) Днепрдің төменгі ағысында Ализон немесе Алазон тайпасы мекендеген.

           Елизаветполь губерниясында, Кура өзенінің жоғарғы ағысында, қазіргі уақытта « қазақ» тайпасы тұрады және олар мекендеген жер қазақ уезі деп аталады. Олардың тілі – таза түркі тілі. Уездік Қазақ (немесе Акстафы) қаласының солтүстігінде 50-60 шақырымдай жерде Алазан өзені ағып жатыр.

           Жоғарыда айтылғанындай, тарихшы Тынышбаев «алазон» сөзін қазақтың Алшын руына балаған, оған шығатын байырға рулар Шеркеш пен Берішті көршілері «қазақтар» деп атаған.

          Қазақ халқының құрамына кіретін түрік тайпаларынан қаңлылар мен алшынбар ең жауынгер болып саналады, ал Алшын тармағынан черкестер ержүректіктің, жауынгерлік ерліктің, ізгііктің, тұралықтың, тазалықтың белгісі болып табылады. Кезінде, кавказ Еуропаға қақпа қызметін атқарған кезде, Кавказ бен Оңтүстік  және Оңтүстік-шығыс Ресейдің өз жерін Азиялық басқыншылардың алуан түрлі қолдарынан (Аттила, Шыңғысхан ұрпақтары, Темірлан және т.б.) қорғау үшін күзетші атты әскерлер қойғанына күмән жоқ. Тарихи деректер мен Қазақ уезінің географиялық жағдайы мені Қазақ уезінің халқы кезінде ата-бабалары қазақтар – атты әскер ретінде әскери қызмет  атқарған Черкестерден шығуы мүмкін деген ойға жетелейді.

          2007 жылы Москвадағы «Яуза» баспасында шыққан «Казачества, Нация или сословие» деген кітабында Валерий Никитин былай дейді: «Известный историк Н. Маркевич (О казаках. М., 1847 г.) держится мнения, что казаки взяли свое имя от торков и берендеев, иначе называвщихся черкассами-наименованием тождественным слова «казак».

          Аналогичное суждение имеет и донской историк В. Пудавов, когда он говорит, что «... черкасы назывались казаками, а казаки черкасами, а те другие хозарами» (В. Пудавов. История Войска Донского и страобытность начал казачества. Новочеркасск, 1861 г.). Историк  XVII века Гробянка, а за ним и генерал А.И. Ригельман наименование «казак» воспроизводят от хозар (Ригельман А.И. История о донских казаках. М., 1846 г.). Кубанский историк прфессор Щербина устанавливает тюркское происхождение слова «казак». Наконец, историк Броневский воспроизводит имя «казак» от страны Казахии, населенной касогами (Броневский. История Донского Войска. Новочеркасск, 1834 г.). Однако разные народы, которым приходилось встречаться с нашими предками, выговаривали и писали его неодинаково.

          Земля Касак вместе со столицей Тмутараканью (Томаторканью) еще полтора века оставалась независимым государством. Она явилась родоначальницей современного Донского Казачества, которое, в свою очередь, стало родоначальником других казачьих Войск (Сибирских, Яицких, или Уральских, Гребенских, Волжских, Терских, семейных, некрасовских), за исключением нынешних кубанских черноморцев, потомков запорожцев. Жители же центральной степной части государства, занятой половцами, отошли в лесостепь и продолжали бороться против них сообща с Русью в качестве ее федератов черных клобуков, которые получили у русов название по внешнему виду-черным войлочным шапкам. В Московском летописном своде XV века дается пояснение, датированое 1152 годом: «Все Черные Клобуки еже зовутся Черкасы».

          «Смешение казахов (черкасов) кавказских с киргизами повело к образованию особой киргизо-казацкой народности, особого народного организма», утверждает Выкадоров в своем историческим труде «История Казачества».

          Белгілі татар жазушысы Н.М. Будаев «XVI-XX ғасырлардағы Солтүстік Кавказ халықтарының саяси-политикалық тарихы туралы» очерктерінде  черкес этномимінің шығуы жөнінде былай дейді: «Орыс тарихшысы Т. Лапинский өз еңбегінде: «В этом кратком обзоре истории черкесов я хочу опровергнуть заблуждение, которое в ходу во всей Европе. Совершенно неправильно, когда народы Кавказа абазы (адыги), также, как дагестанские племена, обозначаются именем черкесов. Не существует больше черкесского народа; остатки его на Кавказе сами не называют себя больше так и исчезают все больше день за днем. С гораздо большим правом можно назвать всех казаков России, за исключением Запорожцев Кубани, так как они потомками этих старых разбойников и среди них сохранился черкесский дух»

          Т.Лапинский считал черкесов безговорочно тюркским племенем, растворившимся в адыгской среде и дурно на нее влияющим.

          Что этноним черкес связан только с тюркским племенами, придерживаются своих трудах Н.М. Карамзин,  Н.И. Березин, П.П: Иванов, И.А. Самческий, Н.А. Аристов, К.Я. Грот, Д.Иловайский, М.Г. Волков, И.Ф. Бламберг, Л.Я. Люлье, Г.Ю. Кларпот, В.В. Похебкин, У. Байрамуков, Г.Д. Чеснокова, И.Х. Калмыков, В.В. Радлов который пишет: «Шеркес-подразделение казак-киргизов Малой орды, племени алачин».

           У. Байрамуков: «На наш взгляд, адыгоязычного черкеского этноса не было ни когда, нет его и сейчас, Если имеется в виду население, живущее в КЧР и пишущиеся сейчас «черкесами», то исторические документальные источники утверждают, что беглые кабардинцы, часть бесленеевцев и абазин нашедшие приют на Кубани, названны этим этническим термином после установления Советской власти в 20-30 гг. Об этом пишут проф.                 В.Б. Виноградов, Г.Д. Чеснокова.

          И.Х. Калмыков: «За годы Советской власти различные адыгские этнические группы в Карачаево-Черкесии сложились в самостоятельную «черкескую» народность, имеющую свой язык... Современная «черкеская» народность сформировалась в ХХ».

          Далее Н.М. Будаев пишет: «Суммируя эти факты, совершенно очевидно, что в этногенезе кабардинцев приняло участие тюркское племя черксов (западные казахи), которые впоследствии и стали феодалами кабардинцев.

          Бұл деректер жоғарыда көрсетілген С.Аманжоловтың: «Бұл жерде сөз дағыстандық шеркештер туралы болып отыр деген» тұжырымдамасын жоққа шығаратыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

         Байұзақ Албани «Мұхаммед Хайдар Дулати»  (Алматы, 2000 жыл,) атты кітабының «мамлук түріктер» эссесінде

  • неге мамалық, мәмлүк аталады?
  • Қай түріктер?
  • Мысырдағы өзге Кавказ халықтары дегенге жататын  Черкес – Шеркеш емес пе? деп

        Сауал қояды, оған өзі «Черкес пен Шеркеш – бір ел, бір халық», қазақ құрамында шеркеш елі бүгінге дейін атауын жойған жоқ. Бұлар Қавказдағы жері Қазахия аталған касогтардың тұқымы деп жауап қайтарады.

       Содан кейін 1382 жылдың 1517 жылға дейін Мысыр елін басқарған Мамлүк Боржы немесе Шеркеш тұқымдарының есімдерін келтіреді.

 

                                                                                                  Мамлүк Боржы немесе Шеркеш тұқымдары

          Заһир Сайф ад-дин Барқұқ                                                1382-99

          Насыр ад-дин Фараджы                                                     1399-1405

          Мнсұр Изз ад-дин Әбул-Әзіз                                              1405-06

          Насыр ад-дин Фараджы (2-қайыра)                                   1406-12

          Әділ Мұсайын (Аббас әулетінің халифы)                            1412

          Мұнайнад Шейх                                                                1412-21

          Мұзаффар Ахмед                                                              1421

          Заһир Сайф ад-дин Татар                                                   1421

         Салх-Насыр ад-дин Мұхаммед                                          1421-22

         Ашраф Сайф ад-дин Барысбей                                          1422-38

         Әзіз Жамал ад-дин Жүсіп                                                   1438

         Заһир Сайф  ад-дин Шақпақ (Чахмак)                                  1438-53

         Мансұр Фахр ад-дин Осман                                               1453

         Ашраф Сайф ад-дин Инал                                                  1453-61

         Мұйнад Шихаб  ад-дин Ахмет                                             1461

         Заһир Сайф  ад-дин Құшқадам                                           1461-67

         Заһир Сайф  ад-дин Белбей                                                 1467

         Заһир Темірбұға                                                                  1467-68

         Ашраф Сайф  ад-дин Қайтбай                                            1468-96

         Насыр Мұхаммед                                                               1496-98

         Захир Қансұқ                                                                     1498-99

         Ашраф Жанболат                                                               1499-1501

         Ашраф Қансұқ Гури                                                           1501-16

         Ашраф Тұманбей                                                                1516-17

         Есімдерін қарасақ, қазірде қазақтардың ішінде жиі кездеседі.

         1468-1496 жылға дейін Мысыр елінің сұлтаны шеркеш Қайтпайдың Қайыр қаласында салдырған мешітінің, Александра қаласында салдырған әскери-теңіз қамалының сүреттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Құрылтайшылығымен шығатын «Иман» журналының      2008 жылғы  4-ші және 6-ші сандарының алғы беттерінде жарық көрді.

         Қазақ халқынан шыққан текті қолбасшылар, көсемдер Мысыр елін 1382-1517 жылға дейін 135 жыл басқаруы ата-тегіміздің мықтылығын көрсетеді.

         Жамбыл облысының азаматы – Батырша-ұлы Бақытты, арабист, шығыстанушы, 2005 жылдан Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, 1995-1999 жылдар аралығында Мысыр Араб Республикасында ұзақ мерзімді ғылыми іс-сапармен болып 2005 жылы шыққан «Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары XIII – XV ғ.ғ.» атты кітабының 143-бетінде «Мамлүктердің этникалық тегін анықтауға арналған зерттеулердің нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады. Біріншіден, қыпшақ мамлүктері өзінің этникалық тегі жағынан қазақ халқымен бір. Оған орта ғасыр араб жазба деректерінде келтірілген көптеген деректер дәлел бола алады. Екіншіден, шеркеш мамлүктерінің этникалық, тілдік, рухани-мәдени, антропонимдік, салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктерін хабарлайтын орта ғасыр араб жазба дерек көздерінде келтірілген көптеген деректерді зерттеудің нәтижесінде олардың, яғни шеркеш мамлүктерінің қыпшақтармен этникалық бірлігі дәлелденді. Сонымен, мамлүк заманындағы шеркештерді қазіргі қазақ өңірлерін ертеден мекен еткен шеркеш руымен тікелей байланыстыруға негіз бар деп қорытуға болады.» 278-бетінде «Сонымен бірге, мамлүктердің этникалық тиесілігін зерттеудің барысында «шеркеш» мамлүктеріне қатысты көптеген деректерді терең қарастырудың нәтижесінде олардың тегі түркі-қыпшақ екендігі анықталады. Әлемдік тарихнамада оларды «Қауқаз черкестерімен» шатастырудың салдарынан бұл пікір ғылыми ортада біршама қалыптасып қалғанына қарамастан, олардың қазіргі қазақ халқының шеркештері екендігін дәйекті дәлелдеу мақсатында біз тағы да сол заманның араб жазба ескерткіштерін терең зерттеуді қолға алуымызды қажет етері сөзсіз.»

        Осы мәселені тиянақты зерттеп, жазу тарихшылардың үлкен міндеті деп ойлаймын. 

        Сонымен, «қазақ» деген сөз, қай кезден белгілі болды десек, біздің ойымызша, ол сөз 9-ғасырдың өзінде кең тараған. Тағы бір деректерге сүйенсек, 2007 жылы Москва қаласында Медиа группа «ОЛМА» баспаханасында «Халықтардың үлкен энциклопедиясы» шықты. Онда 217-бетте қазақтар жөнінде былай деп жазылған.

        КАЗАХИ (самоназв.-казах)-народ, проживают в оснавном в Республике Казахстан и соседних странах (Российской Федерации, Монголии, Китае, Кыргызстане, Узбекистане, Афганистане, Туркменистане, Таджикистане). Верущие-мусульманы-сунниты.

        Происхождение казахов связано с древним ираноязычным населением Средней Азии и Казахстана и кочевыми тюркоязычными племенами-гуннами, жуань-жуанями, теле, тюргешами, азгешами и др. Тюргеши и роственные им азгеши (по-тюрк. Азкиши) проникли, по данным арабских авторов раннего средневековья, в горы Кавказа и расселились рядом с абхазами.

        Ведущую роль в их образовании сыграли кипчакско-кимакские племена. В 9-10 вв. Кимакские ханы, захватив земли кипчаков, образовали Кимакский каганат. В этот же период происходит захват кипчаками куманских и печенежских земель. Куманские племена сиру-калпеев, боро и др. Переселяются в Восточную Европу, занимая в т.ч. степи Северного Кавказа.

        В 10 в. Происходит вытеснение из Приуралья огузских племен, которые были вынуждены перекочевать в места кочевья печенегов и куманов. Смешение огузских племен (или узских) племен с куманами и печенегами привело к образованию в южнорусских степях тюркоязычных племен-берендеев, черных клобуков и торков, сыгравших большую военно-политическую роль в истории древнерусского государства. Некоторая часть этих племен в начале позднего Средневековья  известна под именами черкасов, бурчевичей и др. Оставшиеся в казахской степи племена кимаков, кипчаков, куманов, огузов и др. Дали начало древнеказахской народности. Окончательное же формирование казахского народа падает 15 в., когда образовалась Казахское ханство, которое включило в свой состав три кочевых объединения (жуза)- Старший, или Большой (Улы жуз), Средний (Орта жуз), и Младший (Киши жуз).

        Несмотря на образование государственности, представители казахских родов хорошо помнят, к какому племени принадлежали их предки. Исследователю истории казахов это во многим облегчает определить народы, которые участовавали в их становлении.

                                                                                        

        XV-XVI ғасырларды жасалған  карта бойынша да Еділмен Донның ортасында Шеркештер тұрған кәзіргі Рессейдің Ростов облысын алатын болсақ Старо-Черкасская, Новочеркасск, Аксайский, Жалтырь-Азов (Азау) тағы да басқа үлкенді-кіші қалалардың аттары жеткілікті.

        Сонымен қатар Ақсай, Тұйық су, Сал, Бештау тағы да басқа өзендермен жерлердің түрік тілді аттары жие кездеседі.

        Кәзірдің өзінде солжерлерде көптеген қазақтар турады, руларын сұрасан көбіне шеркеш болып шығады.

        Қазақтын атақты жырауы Доспамбеттің 1490 жылдары Азау қаласында дүниеге келуі, Астарханға келіп кетіп жүруі, 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде ауыр жарақаттан қаза болуы соған күә деп есептеймін.

        Балқар халқының жазушысы Будаев «Шеркештер кімдер» деген еңбегінде шеркештердің тегі, тұрған жерлері, тұрмысы, тарихта қосқан үллестерін атай келіп, олар түркі тайпасының әсіресе Батыс қазақтарының ірі бөлігі, олар орта ғасырлар кезінде Россиямен Украинаның оңтүстігінде үлкен ықпалға ие болды деп атайды.

        Сонымен қатар С.Мұқанов «Шежіре және тарих жайында»  деген еңбегінде былай дейді: «Жалпы алғанда, көне замандағы әріптер белгісі болу керек деген жорамал бар. Олардың әріптік немесе ұгымдық (иероглиф) таңба екені әлі анықталған жоқ». өздеріңізге белгілі Орхан-Енесай-Палас жазба ескерткіштерінің оқылуы түрік халықтарының тарихы мен мәдениеті қадам ғасырлар қойнауынан бастау алатындығын айқын аңғартты.

         Дат ғылымы В.Томсен Монголия территориясынан табылған түрік күл жазуларының оқылу кілтін тапқанның соң да бұндай жәдігерліктер Сібірден, Талас өзені бойынан, тіпті шығыс Еуропаның далалық аймақтарынан т.б.жерлерден толыссыз табылып келеді.

         Ұланбайтақ Еуразияның әр тарапынан табылған түрік жазба ескерткіштеріндегі бабаларымыздың байырғы әліп биі өзіндік дәстүрлі  ұқсастықтарымен таң қ қалдырады.

         Шеркештің таңбасы  Бақан Ұ көне түрк қол жазуының Ш әріпін белгілейді, бұның өзі шеркештің өзі көне түрік халқының ішінде болған тайпа екендігін, және өзімен бірге көне түрік жазуларын Шығыс Еуропаға алып келгендердің бірі болатындығын көрсетеді.

         «Шеркеш» - деген сөз атам Бірманның айтуы бойынша батыр, қолбасшы дейтін еді, бірақта жазулы түрде ол сөзді қолдайтын деректер кездестіре алмай жүргенмін.

        Сонымен қатар, өзі атадан қалған төрт жол шумағын айтатын еді:

        Қойыс пен Дербіс серт еткен

        Серт еткен жауын мерт еткен

        Шеркештен батыр көп шықты

        Ол заманда ерте өткен.

        «Қазақ есімдері» атымен 2006 жылы Атамұра баспасында шыққан А.Смағұловтың энциклопедиялық анықтамалықта жақсы толық жазылған екен.

        Шеркеш, көне түркі тілінде бірінші мағынасы қыран, бүркіт; күшті, мықты; екіншіден, қолбасшы деген мағынаны белгіленгіні жөнінде жазылған.

        Бұл өзі Жақып Ақбаев шеркештер жөнінде жоғарыда жазған пікірін толық қостайтын анықтама екені сөзсіз.

         1941-1945 жж. екінші жержүзілік соғыста қазақ халқынан небәрі 96 советтер одағынаң батыры шыққаны бәрімізге мәлім. Қазақта жүздің үстінде ру бар. Батыс Қазақстан облысынан шыққан батырлардың ішінен үш адам шеркеш руынан, олар М.Мәметова, Т.Масин; Е.Ниеткқалиев, қалғандарының руларын білмеймін, тағы біздің облыста ия болмаса басқа облыстарда болу мүмкін деп есептеймін.

        Бұл өзі қазақ халқының арасында кең тараған «Кіші жүзді  найза беріп жауға қой» деген мақал менен расталатын сияқты.

        Бүкіл түркі тілдес халықтардын данышпан ақылшысы, «Түгел сөздің түбі бір, түп атаса, Майқы би» деп халыққа кең тараған «Майқы би» көрегендігімен, шешендігімен, әділдігімен аты әйгілі болған, алшындар жөнінде былай деген:

        Бектен жалғыз Алшынды,

        Біз үшін қаңға малшында,

        Жауда жүрсең жаныңда

        Сойылың соғыр қамшыңды.

        Дәлірек айтқанда қиын-қыстау кезеңде қолыны найза ұстаған батырлар мен орақ ауызды, от тілді ділмар ақын, жырулар кіші жүз руларынын көп шыққан. Олар: атақты сұлтан Бейбарыс пенен жоғарыда көрсетілген Мысыр елін 135 жыл үзбей басқарған Шеркеш тұқымынан шыққан  атақты сұлтандар.  Есімдері осы күнге дейін халық аузында жүрген Сыпыра жырау, Қазтуған, Шалкиіз, Асанқайғы, Доспамбеттерді былай қойғанда, Жиембет жырау, Жалантөс батыр, Айтеке би, Байбақты батыр, Сырым Датұлы, Есет Көтібарұлы, Исатай Тайманұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Тұрлан Асауұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылқасұлы, Жанабай батыр, Әубәкір Бәйтөк. Жанұзақ ақындар, Балқы Базар, Мұрат Мөңкеұлы, Жүсіп, Бала Ораз, Омар Шораяқовтар тағы басқа көптегендер осы кіші жүз руларынан шықты.

         Кіші жүз тайпасы кейінге кезде Каспий теңізінің шығыс және солтүстік бетін жағалай көшіп Орал, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының байтақ аймағын мекендеп, бірқатар рулары Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарына дейін барған.

        Алшындар кейіннен кобейе келе Еділ, Жайық өзендерінің жерлерін бойлап, кәзіргі Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарын мекендеген. Ал Рессейдің Ростов облысында көне заманнан бастап осы күнге дейін мекендеуде.

        Кіші жүз шежіресін жүйелеуге, тарихын жинақтауға қомақты үлес қосқандырдың бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген – Мақаш Бекмұхамбетов.

        Макаш (шын аты Мухамбетжан) 1830 жылы ішкі. Бөкей ордалығында дуниеге келген. Әкесі Шолтыр өзінің шыққан тегі жағынан хан туқымына, төрелерге жатпаса да Шеркештін Койыс бөлімінін ішіндегі белді, беделді, дәулетті адам болған жастайынан зеиінді Мақаш Жәнғір хан мектебінде сауатың ашады. Бул мектепті тамамдағаннан кеін Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып білім алған қазаң зиялыларынын бірі.

     Мақаш ұзақ мезгіл 40 жылдай ішкі Бокей хандығанын бірінші және екінші Каспий теніз пағалыуындағы окруктарды қоса баскарған-правитель(ӘКІМ).

     Мақаш Бекмухамбетов өзінің табиғы зерделімгі арқасында тек әкімшілікпен ғана шуғылданбай өнермен, әдебиетпен, халықтын шежіре тарихын жинақтауға айтарлықтай үлес косқан қоған қайрат кері.

     Мақаш-өмірінін көптеген уақытын ел аузынан ескі шежірелерден және өзі оқыган басылымдарда пайдаланып, әдеби, тарихи, қазақтын саяси жағдайлары туралы бірнеше енбектер жазған.

     Кіші жүздің шежіре тарихын жинақтап жазып шығарған. Шеркештің қойыс бөлімен шыққан ағамыз Маңғыстау елінде көп жыл енбек еткен жанашыр білімді ел басқарған Әбу Атшыбайұлы мен жеңгеміз Рая Ибрашқызының кітабында.

    «Біздін білетінімыз М.Бекмуханбетовтын өз жанынаң бірсыпыра өлендері Жақсы үгіт деген атпен 1908 жылы Қазан қалсында ағайынды  Каримовтар  баспасында жеке кітап болып басылып шыққан. Ол кітапта Макаштын өзінің өлендері және өсқет-ақылдары қамтылу мен қатар Шалкиіз, Жиембет, Есет, Мөнке мен Турке сияқты ақын-жыраулардын, билердін де өлен-жырлары, шешімдері артта қалган сөздері жарияланған дейді.

    Сонымен қатар Мақаштын 1910жылы Астрахань қаласында жарық көрген Астрахань губерниясындағы көшпенді қалмақтар мен қазақтар туралы кітап деп аталатын жинақ шыққан.

Ондада біз білмейтін көп жайлар, эдеби дуниялар болуиыктимыл.

         Өкінішке орай бұл кітап ешкімнін қолында жоқ, біреуде болса хабарласканы жаксы болар еді, осы энгімені оқыған жаныашырлар мөмкін кітап қорларынан іздер деген уміттеміз.

         Кіші жуз рулары жонінде соның ішінде Шеркеш Тайпасы жонінде Әбу Атшыбайұлы, Рая Ибрашқызының «Кіші жуз шежіре Тарихы» атты 2002 ж. Алматы каласында «Жолдас және компания» баспасында шаққан кітапта көптеген мәселерер қамтылған, бірақта ол кітап негізінен Атырау және Мангыстау жеріндегі адамдар, олардын өмірін толығырақ қамти келіп басқа жердегі адамдар, олардың ішіндегі әнгімелер, тарихи жағдайлар аз қамтылған.

         Менін ойымша осы кітапты негізге ала отырып, тағы да бір толығырақ әзірлеуді қажет ететін сияқты.

Сол себептен осы мақаланы  оқыған азамат азаматшалар өздерінің шыққан тектерін, ел арасындағы білетін әнгімелерін, жазып бергендері жақсы болар еді.

         Мақаланның басында атап өткендей қазақ деген сөздін өзінен бастап, қазақтын шығу тегін дурыстап жазу ұлкен өқымыстылардын міндеті деп есептеймін.

         Менің қолымдағы отызға тарта шежірелерді оқый келіп тусінгенім арғы аталарымыздан атаулары мен сонғы 14-15 аталарамыздын, есімдері дурыс деп ойлаймын ортасына келетін болсақ қөп аталардын аты сақталмаған негізінен шежіре ауызша болғандықтан бәрі болуға мөмкін емес деп өйлапмын.

         Мысалы өзіміздін шығу тегімізді алатын болсақ мен шеркештін, койыс болімінің Суйініш бөлігіміз. Әкем Шайдолла бірінші ата деп санағанда, Сүйініш 10, қойыс-11 Шеркеш 13 ата болады. Бір аталық Шамамен ен коп болғанда 33 жыл деп есептегенде 13 ата шамамен 450-жыл, ол әрі кеткенде 1500-15550 жылдар, бұл санау дұрыс емес деп ойлаймын.

         Шежіреде көрсеткен Сүйініш атамызға дейін дұрыс болар, әр жағында кем дегенде Қойыстың өзіне дейін ең кемінде 7-10 атаның аттары жоқ, ал Шеркешке дейін кемінде 50-60 атаның атың білмейіз деп ойлаймын себебі, шеркештер жөнінде Константин VII- Баграняродныйдан, орыстын тарихтарында келтірілген деректерге сүйенетін болсақ шеркеш ру болу үшін, қанша адам өсу керек, ең кемінде 10 ғасыр керек болатыны сөзсіз.

         Осы айтылған мәселе сияқты қазақ халқының құрамына кіретін басқа көптеген тайпалардын да ата тегі қысқа қайтарылғаны сөзсіз, оның түбіне жету мүмкін емес.

Ол жөнінде 1991 жылдың 9 қаңтарында «Ана тілі» газетінде «Шежіре – қастерлі қазынамыз» атты шыққан материалда жақсы жазылған: «Жалпы алғанда қазақ шежіресіне, әр рудың әу баста қайдан шығып, қайдан тарағанына көңіл аударар болсаңыз, тарихи деректерге үйлесе қоймайтын топшылауларға ұшырасасыз. Егер шежіреге сүйенсек, қазақтың Қаңлы, Үйсін, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Арғын, Жалайыр т.б. рулары осыдан 400-500 жылдай бұрын ғана дүниеге келгендей боп көрінер еді. Ал олар сонау көне замандарда-ақ белгілі болған халықтар мен ұлыстар қатарына жатады. Демек бізге жетіп отырған шежірілер сол байырғы жеке-жеке рулардың, дәлірек айтқанда бүгінгі Қазақстан территориясын мекендеген елдердің қазақ халқы боп ұйысқан қауымдастығы аясына бірігер алдында, не біріккеннен кейін ғұмыр кешкен аталарының бергі тарихы.»

          Мәселе рушылдыққа ия болмаса жікке бөлінуде емес, әр адам өзінің шыққан тегін біліп бала-шағасына айтып қазақ халқының болашағына, экономикасына, мәдениетіне, абырой атағы өсуіне өз үлесін қосқан азамат пен азаматшаларды құрметтей білсе, сөзсіз ондай кісілер көбейе түсетіні сол себептен мемлекетіміздің өркендеуі жылдамдай түсер еді.

         Кіші жүздің соның ішінде 12 ата байұлына кіретін көптеген рулар жөнінде бөлек шежірелер жеткілікті шықты.

         Біздін мақсатымыз Шеркеш руы жөнінде жалпы қолдан келсе әр өңірдегі тұратын осы рудан шыққан адамдарды түгелдей қамтуды ойлап едік.

         Соған байланысты шеркеш шежіресі жөнінде қысқаша мағлұмат беріп, соған келген деректермен толықтырып, түзеп шығарсақ деген ойдамыз.

         Біздін қолымыздағы шежіре деректеріне, ел арасында кеңінен тараған, аңыз әнгімелерге, сүйене отырып, шеркеш ұрпақтары былайша таратылады деген ұғым бар.

         Байұлының үлкен баласы Қыдырсыйықтан-Шенеш және Шеркеш туады. Шенеш жастай дүниеден өтіп, одан туған баланың атын шеркешке қос болсын ден Қосым қояды. Ол жастайынан Шеркештің тәрбиесінде болып, оның баласы болып кеткен.

Кәзіргі кезде Қосымды бес арыс Шеркештен тараған ұрпақтар аға баласы санап, үлкеніміз дейді. Соған қарағанда Шенеш шеркештің ағасы болса керек.

         Шеркештен  бес ата тарайды: Қосым, Жауғашты, Қойыс, Шумақ және Қылышкескен.

         Сөйтіп, кәзірде кіші жүз өңірінде көбіне Шеркешпіз деп айтудың, орнына, 5 арыс шеркешпіз дейді. Шеркеш ұрпағының ішінде жас жағынан үлкені жауғашты, бірақ оны аға демей көңілі орта Қосымды аға дейді. Бүкіл Шеркеш жаппай ағамыз деп төрден орынды Қосым Шеркештерге береді бұл қазақтардың бойына туа біткен бауырмалдық қасиет екенін мақтан тұтуымыз керек.

         Көптеген деректерде Шеркештен-Бөтік, Бай, Ертай деген үш бала болады.

Бөтіктен Жайық, Қойыс тарайды, бірақ қойыс ата атағын алады.

Байдан – Құрман одан Құлақасқа тарайды, қай атаға қосылатынын білмейміз.

Ертайдан- Жауғашты, Шумақ, Қылышкескен аталары тарайды.

         Енді осы 5 арыс Шеркеш әрі қарай біздегі деректер бойынша қалай бөлініп жалғасады, қысқаша соны атап өтелік.

Болашақта дұрыстап толығырақ шығару мақсатында осы мақаланы оқыған азаматтар, өздерінің шығу тегін қай атаға жататынын, соған қалай барып қосылатынын, жоғарыда,  айтылған мәселелерге қосатыны ия болмаса түзету енгізетіні болса, біздерге көп кешікпей жазғаны дұрыс болар еді.

 

Қосым шеркеш.

Қосымнан-Мырза, Шора атты екі бала болыпты.

Мырзадан-Бекбасар, Марас.

Шорадан-Жаубөрі, Жақсыбөрі.

Әбу Атшыбаев ағамыздың кітабында Марастың баласы Мырзамбеттен-Жанғабыл, Сатыбалды, Сары, Қоңыр, Кәтенай өрбіген дейді. Және шежіреде бес дара қосым Шеркеш болып осы Мырзамбеттің бес баласы аталып кеткен дейді.

 

Жауғашты шеркеш.

Ел арасында Жауғаштыны сегіз арыс дейді, кейбір деректерде тек 5 атаны атайды. Жауғаштының сол сегіз арысы мыналар: Батырқожа, Аманай, Құлан, Тума, Қара, Құрмас, Аңдағұл, Жатай.

 

Қойыс шеркеш.

Қойыстан өзі Батыс Қазақстан өлкесінде кең тараған, негізі алты атадан тарайды олар: Дербіс (Қаракемпір), Сақау, Еламан, Қашқыншы, Сүйініш, Тоқтағұл. Шеркештің ұраны Шағырай, атамыз Сүйініштің немересі Жәдіктен туған.

Шумақ шеркеш.

Шумақ шеркеш – Шерубай, Бессары, Тоқымбет, Келкес, Жаңбыршы деп бес атаға бөлінеді.

 

Қылышкескен шеркеш.

Бес арыс Шеркештің кішісі – Қылышкескен шеркеш үш атаға бөлінеді олар: Қылыш, Кескен, Тілес.